ата аналар жиналысы

Рассмотренных обращений: 4
Не рассмотренных обращений: 0

Өсіп шынығу үшін
Автор: Өткізген тәрбиешілері: Бекмағанбетова.Н.А., Қалж

«Бала құқығын қорғау міндеттері»

Ата- аналар жиналысы

  Жиналыс өткізу түрі:

Мерзімі:    19 сәуір сағ. 18.00

Жиналыс тақырыбы:

          « Бала құқығын қорғау міндеттері»

Мақсаты:

-ата-аналардың бала құқығы жайлы білімдерін анықтап толықтыру және бекіту;

-заң ережелерін толықтай орындап отыруға, сақтауға, құрметпен қарауға бағыттау

- әрдайым өз білімдерін кеңейтіп отыруға кеңес беру.

 

Жиналыс өткізу жоспары:

 1)      Жиналысқа қажетті құралдарды, қағаздарды дайындау

2)      үлестірмелі карточкалар дайындау

3)      жылжымалы папка арқылы мағлұмат беру

4)      әр ата-анаға жадынама жазып тарату

 

  Құрметті ата-аналар бүгінгі кезекті отырысымызға хош келіпсіздер! Сіздермен кездескенімізге өте қуаныштымыз!

Бұл отырысымыз «Бала құқығын қорғау міндетттері»  атты тақырыпта болмақ.

-Ең алдымен менің жаныма келіп шаттық шеңберіне жиналсаңыздар.

 

          Шаттық шеңбері

Енді менің қолымда гүлдер бар, сол гүлдердің өзіндік аттары бар.                Мен сол гүлдерді сіздерге таратып беремін, соған сәйкес өз топтарыңызды тауып үстелге жайғасыңыздар. Өз топтарыңызды қалай атайтындарыңыз жайлы кеңесіп келісіңіздер

 

Ең алдымен осы тақырыпқа байланысты қысқаша баяндама тыңдалық

 

Баяндама « Мен бала құқығын қорғау Конвенциясы жайлы не білемін?»

 

          Ал енді әр топ өз тобының атын қысқаша таныстырса

               (топтардың атттары «Құқық», «Азамат»)

       Әр топ таныстырады. Енді тапсырмаларымызға көшелік

1-тапсырма :  Карточкадағы сұрақтарға жауап беріңіздер

Сұрақ-жауап

1.Қоғам -деген не?

1. қоғам -саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде бірігуі

2.Құқық деген не?

2.Құқық-мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы

3.Қазақстан азаматы болуды қалай түсінесіз?

3. Мемлекетте тұрақты түрде тұратын азамат заң бойынша Қазақстан мемлекетінің азаматы бола алады

4.Декларация деген не?

4. Декларация хабарлау. Мемлекеттік саясаттың,правоның, халықаралық қарым –қатынастардың саналы түрде салтанатты түрде жариялайтын документ

5.Қазақстан республикасының туының авторы?

5. Қ.Р.Т:  Ниязбеков Шәкен Оңласынұлы

6. Қазақстан Республикасының әнұранының авторлары:

6. Қазақстан Республикасының әнұранының авторлары:  Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов

7. Заң шығарушы немесе атқарушы органдар қатарына кіретін адамдар?

7. Заң шығарушы немесе атқарушы органдар қатарына кіретін адамдар-депутаттар

8. Заңдарды кім шығарады?

8. Заңдарды парламент: жоғарғы палата-сенат

төменгі палата –Мәжіліс

 

2-тапсырма:  -Келесі тапсырмаға көшелік:

мына конверттегі жүрекшелерді құрастырсаңыздар бір мақал-мәтел шығады. Соны оқып мағынасын түсіндірсеңіздер

Тіл-өнер

         Бұл тапсырма бойынша алдарыңыздағы жүрекшелер бірнеше бөліктерге бөлінген оны тез әрі шапшаң құрастырсаңыздар  ішінде заң термині бар мақал шығады, оны оқып мағынасын түсіндіру қажет

1.Бір қазаға екі жаза жоқ

2.Әр елдің заңы басқа, иттері қарақасқа

3.Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің,

Анық достың қадірін, Жала болғанда білерсің.

4.У ішкен бір өледі , ант ішкен мың өледі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Просмотров: 531
Дата создания: 28.10.2011
Дата редактирования: 28.10.2011

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource